Болат Өтемұратов – дипломат, бизнесмен, меценат. Forbes қазақстандық тізімінің алғашқы қатарына кіреді. «Верный капитал» компаниялар тобының негізгі үлескері, Іскерлік мүдделер саласы қаржы, телеком мен медиа, қонақүй бизнесін, жылжымайтын мүлікті, табиғи ресурстарды, көлік пен логистиканы, құрылыс материалдарының өндірісін, тұтынушылық тауарлар мен қызметтерді қамтиды. Болат Өтемұратовтың қоғамдық қызметі білім беруді дамытуға, спортқа қолдау көрсетуге, мәдени құндылықтарды ілгерілету мен денсаулық сақтауға болысуға бағытталады.
Құрылтайшы туралы
2006 жылдан бері Болат Өтемұратовтың қанатының астында Нархоз университеті жоғары білім берудің халықаралық стандарттарын көздеген бәсекеге қабілетті оқу орнына дамуда. 2016 жылға қарай жағдай бойынша, техникалық жарақтауға, спорттық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, оқу процесін модернизациялауға және халықаралық сарапшыларды тартуға 40 миллион доллардан астам жұмсалған.
«Университетті қайта құру біз үшін аса маңызды әлеуметтік жобалардың бірі болды, себебі ел экономикасының дамуы үшін лайықты білім беру жүйесін, үздік әлемдік тәжірибелерге сүйенетін іргелі базаны құру маңызды», – дейді Болат Өтемұратов. Үздік шәкірттерге арналған шәкіртақы бағдарламасы жұмыс істейді. «Верный капитал» компаниялар тобының демеушілігімен дарынды жастарға арналған 100 шәкіртақы, сондай-ақ Болат Өтемұратовтың «Болашақ бизнес-көшбасшылар» бес атаулы шәкіртақысы құрылған.
Қазақстанда тағы бір қайырымдылық білім беру жобасы - британдық Haileybury мектептері желісі жұмыс істейді. Оның түлектері әлемнің үздік университеттеріне оқуға түседі.
2007 жылдан бері Қазақстанның Теннис федерациясының Президенті болып табылады. Үлкен теннисті белсенді дамытуда, елдің ұлттық құрамаларының аяғынан тұруына, балалар теннисін дамытуға және ірі қалалардың барлығында теннис инфрақұрылымының құрылысына 65 миллион доллардан астам меншік қаражатын жұмсады.
Болат Өтемұратов – Халықаралық теннис федерациясының (ITF) және Азия теннис федерациясының (ATF) мүшесі. 2017 жылы Қазақстанда теннисті дамытуға қосқан үлесі үшін беделді ұйымдардың екеуінен де марапатқа ие болды. Қазақстанның барлық ірі қалаларында теннис орталықтарының таралған желісі құрылды. Юниорлар мен тәжірибелі спортшыларды халықаралық турнирлерге қатысуға дайындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Жалпы есеппен, қазақстандық юниорлар түрлі Гран-приді қоса, 90-нан астам халықаралық турнирде жеңіске жетті. Қазақстанның еркектер құрамасы Дэвис Кубогының Әлемдік тобында сенімді орын алып отыр, 2019 жылы әлемдік командалық турнирдің финалдық сатысына кезекті рет шықты.
Қазақстандықтарға үздік ойыншылардың қатарында бекінуге орай туғызатын Team Kazakhstan жобасы ерекше назар аударуға тұрады. Бұл Дэвис Кубогы мен Федерация Кубогының ұлттық командаларына ойыншылардың төл теннистік резервін қалыптастыру үшін құрылған бірегей спорт мектебі. Жалпы алғанда, Қазақстанда жыл сайын ITF, ITF Futures, ITF Juniors, ATF және ATP Challenger серияларының 40 шақты халықаралық турнирі өтеді.
«Инфрақұрылымды жасау, балалар теннисін жетілдіру және басқарушылар мен жаттықтырушылардың кәсіпқой командасының тиянақты жұмысы қазақстандық теннисті түбегейлі жаңа халықаралық деңгейге шығарды. Мұндай тәсілдемені басқа спорт түрлерінде де қолдану уақыт өте келе Қазақстанға әлемдік деңгейдегі маңызды спорттық іс-шаралар өткізуге арналған негізгі орталықтардың біріне айналуға мүмкіндік беретініне сенімдімін», – Теннис федерациясының басқарушысы ретінде атқарған 10 жылдық жұмысын Болат Өтемұратов осылайшы тұжырымдады.
Болат Өтемұратов мәдениет пен өнерге қызу қолдау көрсетеді. Балет пен ұлттық биді дамыту және қолдау қорының Қамқоршы кеңесінің төрағасы болып табылады, қазақстандық музыкант Батыр Шөкеновтің Қорына қолдау көрсетеді, ағаш және мыс үрме аспаптардың республикалық конкурсын өткізуді және Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның дарынды шәкірт жастары үшін шәкіртақыларды қаржыландырады. Оның қамқорлығымен Forte Bank Kulanshi Art Space көрме кеңістігінде Құланшы заманауи өнер орталығының тұрақты көрмелері өтеді. «Назарбаев Қорының» құрметті қамқоршысы.