Болат Өтемұратов Қорының негізі 2014 жылы қаланды.
Қордың мұраты – денсаулық сақтауды, білім мен мәдениетті дамытуға ықпалдаса отырып, Қазақстанға бүгін және болашақта адамдар өмір сүруі үшін жақсы мекенге айналуға көмектесу. Қорды құру идеясы қордың құрылтайшысы Болат Өтемұратовқа тиесілі.
Болат Өтемұратов бенефициарлық топтардың өмір сапасын және/немесе ұзақ мерзімді орнықтылығы бар объектілердің жағдайын жақсарту үшін меценаттық қызметін жүзеге асыруда жүйелік тәсілдемені ұстанады. Өзінің бизнес жүргізу қағидаттарын меценат қоғамдық қызметіне де аударады, сондықтан бұл әрқашанда ашық, нысаналы және нәтижеге бағытталған, тиімділігі бақыланатын көмек.