БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫНЫҢ «АСЫЛ МИРАС» АУТИЗМ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні Қазақстанның алты қаласындағы «Асыл Мирас» орталықтары аутистік спектрдің ауруларын ерте анықтау және балаларға тиімді көмек көрсетуді ұйымдастыру проблемалары туралы ашық оқып-үйрету семинарларын өткізді.

Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні Қазақстанның алты қаласындағы «Асыл Мирас» орталықтары аутистік спектрдің ауруларын ерте анықтау және балаларға тиімді көмек көрсетуді ұйымдастыру проблемалары туралы ашық оқып-үйрету семинарларын өткізді.

Осы күннің қарсаңында Болат Өтемұратов Қоры «Асыл Мирас» орталығында дәріс алатын РАС бар 3 баланы әлеуметтік роликтің түсіріліміне қатысуға шақырды. Алишер Акимбаев (8 жаста) және оның әжесі Валентина, Аслан Реймбай (4 жаста) және анасы Гульжан, Аружан Ильяс (12 жаста) және оның анасы Гульдана өздерінің хикаяларымен бөлісті.

Роликті келесі сілтеме бойынша табуға болады: https://www.youtube.com/watch?v=Xkc93ZkWf9I

СDC (АҚШ ауруларды бақылау және профилактикасы жөніндегі орталығы) деректері бойынша, бүгінгі таңда әлемде 59 баланың біреуіне аутистикалық спектрдің ауруы (РАС) диагнозы қойылады. Бұл орайда, аутизм ұл балаларда қыз балаларға қарағанда төрт есе жиі анықталады – 37 ұл баланың біреуінде РАС бар. 

«Аутизмнің пайда болу себептері туралы мамандар көптен бері, бірақ бекер пікір таластыруда. Әлі ешкім де нақты бір нұсқаның пайдасына иландыратын уәждер келтірген жоқ. Бірақ, ең бастысы, әрбір ата-анаға мынаны білу керек: аутизм – үкім емес. Бүгін РАС бар балаларды бейімдеу мен қажетті машықтарын дамытудың тиімді әдістері бар. Балада РАС неғұрлым ерте анықталса, ата-аналар мамандарға неғұрлым ерте жүгінсе, бүгінгі қоғамда дербес, толыққанды өмір сүруге қабілетті адамды өсірудің орайы соғұрлым жоғары. Сондықтан, адамдардың аутизм жайында хабардар болғаны, оның нышандарын білгені және, баланың дамуында артта қалу байқалған жағдайда, мамандарға жүгінгені өте маңызды», - дейді Болат Өтемұратов Қорының бағдарламаларының директоры Жаныл Мукашова.  

«Аутизм. Дүние баршасы үшін біреу» бағдарламасының шеңберінде Болат Өтемұратов Қоры Қазақстан алты қаласында (Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе мен Оралда) өтеусіз негізде жұмыс істейтін «Асыл Мирас» аутизм орталықтарын құрды. Олардың басты міндеті — РАС ең бастапқы кезеңінде анықтау, сондай-ақ балаларды коррекциялау және әлеуметтендіру. Қордың мамандары аутистік спектрдің аурулары бар балалардың қажетті машықтарын дамытуға көмектеседі. Қордың бес жыл жұмысы уақытында «Асыл Мирас» орталықтарында 5 мыңға жуық бала диагностикадан өтті, олардың ішінде шамамен 3700 бала машықтарды дамыту бағдарламаларына қабылданды.

«Біздің Орталықтарымыздың есігі барлық ата-аналар мен балалар үшін күн сайын ашық, мұнда, ең озық әдістемелер бойынша дайындалған біздің мамандар РАС диагностикалауға мүлдем тегін көмектеседі және, балада ауру анықталған жағдайда, оны қажетті машықтарды дамыту бойынша тиісті бағдарламаға қабылдайды. Біздің орталықтарымыздың барлығы Калифорния университетінде және Атлантадағы Marcus Autism Center орталығында әзірленген американдық технологиялар бойынша дәрістер өткізежі. Бұл технологиялар өзінің тиімділігін дәлелдеді. Орталықтарымызда дәріс алған немесе алатын әрбір балада дамуында прогресс байқалады», - дейді Мукашова ханым. 

«Аутизм. Дүние баршасы үшін біреу» бағдарламасы қордың алғашқы және ең ірі ауқымды жобаларының бірі болып табылады. Ол «Асыл Мирас» аутизм орталықтарының желісі арқылы аутистикалық спектрдің аурулары (РАС) бар балаларға көмек көрсетудің неғұрлым тиімді әдістемелерін зерделеуге және Қазақстанда енгізуге бағытталған. Болат Өтемұратов Қорының жоспарларында тағы екі қалада сондай Орталықтар ашу бар.

Назад к списку новостей

Басқа жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЗЫЛ АЙ ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ТАСҚЫН СУДАН ЗАРДАП ШЕГУШІЛЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

18.04.2019 1359

Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы Болат Өтемұратов Қорымен бірлестікте Қарағанды облысының Шет ауданындағы 62 отбасына 10 миллион теңгеден астам сомаға көмек көрсетеді. Зардап шегушілерге Болат Өтемұратов Қорының қаражаты аударылған ForteBank көмек карталары таратылады.

Қызылорда қаласында Әлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған қашықтыққа жүгіру болды

30.03.2019 702

Қызылорда тұрғындарының аутизм мәселелері жайында хабардар болу дәрежесін жоғарылату – осы мақсатта бүгін облыс орталығында бұқаралық спорттық жүгіру жарысы өткізілді. Іс-шара Болат Өтемұратов Қорының бастамасы бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Болат Өтемұратов Қоры Ағадыр кентіндегі ауылдық ауруханаға медициналық жабдық табыстады

05.02.2019 800

Болат Өтемұратов Қоры Ағадыр кентіндегі ауылдық ауруханаға медициналық жабдық табыстады

Баламан жобы

31.01.2019 573

Проект “Баламан” продвигает здоровый образ жизни среди детей в Казахстане посредством создания развлекательно-образовательного контента на казахском и русском языках о правильном питании и физической активности.

Болат Өтемұратов Қоры Мерке аудандық ауруханасына қымбат жабдықты сыйлайды

22.01.2019 557

Болат Өтемұратов Қоры ауруханаға 64 миллион 380 мың теңге жалпы сомаға жаңа буынның жабдығын сыйлайды. Ол дәрігерлерге балалардың өмірін құтқаруға көмектеседі, сондай-ақ ауыр науқастарды алыс қашықтықтарға тасуға мүмкіндік береді.

ҚОР ДИРЕКТОРЫ БОТСАДТЫ ҚАЙТА ҚҰРУ КЕЗЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

11.01.2019 588

Алматының Бас ботаникалық бағын қайта құру жобасы қай деңгейде деген сұрақты жиі алып тұрамыз. Бұл сұраққа жауапты "Алматы" телеарнасына берген сұхбатында Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов берді.

"АСЫЛ МИРАС" АУТИЗМ-ОРТАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛ

28.12.2018 696

"Асыл Мирас" аутизм орталықтарында өткізілген жаңажылдық ертеңгіліктерге қатысушылар қысқы сиқырлық пен ертегідей ғажайыпқа бөленді!

Алматы Әкімі Б. Байбек және меценат Б. Өтемұратов Бас ботаникалық бақты қайта құрудың барысымен танысты

20.05.2019 936

Алматы қаласының Әкімі Бауыржан Байбек және меценат, бизнесмен Болат Өтемұратов Бас ботаникалық бақты қайта құрудың барысымен танысу үшін, оған кіріп шықты

ARTиШОК театры мен Болат Өтемұратов Қоры «Жаңа адамдар» деректі перформансын ұсынды

23.05.2019 1064

Иммерсивті театр жанрындағы қойылым «Асыл Мирас» аутизм орталығында өтті. Көріністің драматургиялық негізі Орталықтың кеңістігімен таныстық болды. Меймандар – журналисттер мен блогерлер – оның әдеттегі жұмыс таңына бойлады.

Қызылордада көпбалалы 100 отбасыға пәтер берілді

31.05.2019 828

Көпбалалы шаңырақтарға арналған баспана Болат Өтемұратов қайырымдылық қорының қаржысына салынған.