Батырхан Шөкенов атындағы қорға қолдау көрсету

Батырхан Шөкенов атындағы қорға қолдау көрсету

Республикалық конкурс

Конкурсқа бүкіл Қазақстаннан музыканттар қатыса алады. Қатысушылардың жасы – 16 жастан 32 жасты қоса алғанға дейін. Конкурс 3 турдан – екі соло бөлімнен және оркестрмен финалдық өнер көрсетуден тұрады.

Батырхан Шөкенов атындағы I Республикалық ағаш үрме аспаптарда орындаушылар конкурсы келесі үрме аспаптарда орындаушылар өзін көрсете алған тұңғыш ауқымды алаңшаға айналды:
•    гобой
•    кларнет
•    саксофон
•    фагот
•    флейта 
Конкурсқа барлығы 43 орындаушы қатысты. Финал 2018 жылғы 30 қарашада өтті. Қазылар алқасының құрамына атақты музыканттар Кристиан Элин (саксофон, Германия) және Николай Попов (флейта, Ресей), сондай-ақ ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанат Ерманов (кларнет) кірді. Конкурстың жабылуына орай гала-концертке Батырдың саксофон бойынша ұстазы – Яков Матвеевич Ткаченко – 92 жасқа келген белгілі музыкант келді.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
/
 

 

Серіктестер