Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе, Орал қалаларында Болат Өтемұратов Қорының «Асыл Мирас» Аутизм Орталықтары табысты жұмыс істеп, «Аутизм. Баршамызға ортақ әлем» бағдарламасын іске асыруда.
Бағдарламаның мақсаты: Аутистік спектрдің ауытқулары (АСА) бар балалардың өмір сапасын жақсартуға арналған прогрессивті қолдау жүйесін дамыту және енгізу.
Бағдарламаның нысаналы тобы: 15 жасқа дейінгі АСА бар балалар мен олардың ата-аналары, жақын айналасы.